Төле бидің туған жері

Әзірге шолу жоқ
2
Пікір қалдырыныз Қаралды - 535

Таныстыру бейнесі

XVIII ғ. ұлт тарихының төрінен орын алатын тұлғалардың бірі – Төле би. Төле Әлібекұлының кіндік қаны тамған, туған топырағы Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауы. Ел тағдырын абыроймен арқалаған бидің туған жеріне қойылған ескерткіш белгі Шу ауданы, Жайсан қыстауынан шығысқа қарай 13 шақырым жердегі Үңгірлі өзенінің сол жағасындағы төбенің басына қойылған. Ескерткіш биіктігі 3,2 м, ені – 1 м болатын қызыл мәрмәр тастан өңделіп жасалған.

Төле өз халқының шешендік-поэтикалық өнері мен дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналыстарына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында дүйім жұртқа таныла бастайды. Ол өмір сүрген кезең қазақ пен жоңғар хандықтары арасындағы жаугершілік заманға тұспа-тұс келіп, саналы ғұмырын ел тағдырына арнаған. Төле би, Орта жүздің бас биі Қазыбек Келдібекұлы және Кіші жүздің бас биі Әйтеке Байбекұлы үшеуі Тәуке ханның бас кеңесшісі болған. Төле би Тәуке ханның Түркістанды Қазақ хандығының астанасы етіп бекіту, үш жүзді бір орталыққа бағындыру, Қазақ хандығын күшейту, туыс қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жоңғар-ойрат басқыншыларына қарсы әскери одағын құру сияқты маңызды мемлекеттік істердің басында жүріп, жүзеге асыруға белсене атсалысты. Тәуке хан өлімінен кейін Қазақ хандығы әлсірей бастайды. Ұлы жүзді басқарып отырған Төле би қазақтардың басын біріктіріп, оларды жоңғар басқыншылығына қарсы ұйымдастыра білген. Кей мәліметтер бойынша, Төле би Абылай сұлтанның қайраткер ретінде қалыптасуына да ықпал еткен көреген ұстаз.

Төле би Абылай ханның ақылшы серігі ретінде және Қабанбай, Бөгенбай және Жәнібек батырлармен бірге біртұтас халық майданын құрып, азаттық жолында күрес жүргізген мемлекет қайраткері.

Халық ауыз әдебиетінде Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталып қалған. Халық арасында Төле би айтты деген мақал-мәтелдер, нақыл сөздер кең таралған. Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында билік жүргізген Төле би сәулетті ғимараттар салуға да белсене атсалысқан. Төле би есімі күллі қазақ тарихына қатысты ірі оқиғалармен тығыз байланысты. Қазақтың қоғам қайраткері, ақылман, шешен, Ұлы жүздің бас биі, «Жеті жарғы» заңнамалық құжатын жасаушылардың бірі Төле би 1756 жылы дүние салып, өзі 12 жыл билік жүргізген Ташкентте, атасы Жүніс ханның қасына жерленген.

 

 

Листинг ерекшеліктері

Тегтер

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message