Тектұрмас кесенесі

Әзірге шолу жоқ
2
Пікір қалдырыныз Қаралды - 666

Таныстыру бейнесі

Талас өзенінің оң жағалауында орын тепкен діни – сәулеттік кешеннің бірі – Тектұрмас кесенесі.

Кесене республикалық дәрежедегі мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне және  2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген.

Кесене құрылысы төртбұрышты, алды порталды келіп, кесектен өрілген. Төбесі метал құрылымды күмбезбен жабылған. Кесененің түпнұсқасы ХІХ ғ. Әулиеата өңіріндегі саяси оқиғалар мен әскери шабуылдар кезінде толығымен қирап қалған. Оның сол уақыттарда түсірілген суреттерін негізге ала отырып, ескерткіш 2002 жылы толығымен, қайта қалпына келтірілген.

Киелі жердің «Тектұрмас» аталуына байланысты бірнеше деректер кездеседі. Соның бірі ретінде Тектұрмас бабаның азан шақырып қойған аты Сұлтан Махмұт екендігі айтылады. Оны өз дәуірінде хан сарайындағы бек қызметіне ұсынғанда, бас тартқан. Бектіктен бас тартқан соң, халық оны «Тектұрмас» деп атап кетеді. Сұлтан Махмұт тақуалық жолға түсіп, әулие атанады. Оның әулиелігіне көзі жеткен халық мазарының басына келіп, шырақ жағып, құрбандық шалып, тілек тілеген. Тұлғаны ХІV ғ. құрылған Моғолстанның ханы деп көрсететін деректер де кездеседі.

Келесі бір аңызда Тектұрмас Х-ХІ ғғ. өмір сүріп, жаужүрек қолбасшы һәм ислам дінін уағыздаушы болған. Әулиенің бір ерекшелігі – ес білгеннен дін жолын берік ұстанып, Әулиеата өңірінде ислам руханиятының таралуына үлкен үлес қосқан дейді.

Ғалым Ж. Дәдебаев Тектұрмасқа қатысты ел аузындағы әңгімелерге сүйеніп: «Тектұрмас Әулие Қарахан тұсында әскербасы, жасауылбасы болып қызмет атқарған. Ол өз қызметін атқаруға шыққанда, қара жолдың үстіндегі жолаушы, керуен біткен түгел тексеруден өтеді екен. Көңіліне жақпаған жүргіншілерді жазалап, оларға шара қолданыпты. Жолаушы жұртты да, тұрғылықты елді де үнемі тексеріп, халыққа да тыныштық бермей, өзі де тыным алмай жүретіндіктен, көпшілік оны Тектұрмас деп атап кеткен» – деген анықтама береді.

Қазіргі таңда кешеннің басына қызмет көрсету орындары ашылып, туристік нысанға айналған. Көпшілік кесенені қасиетті санап, басына келіп дұға, тілек тілейді.

 

Әдебиеттер:

Ошанов О. Тараз – Жібек жолының інжу-маржаны. Тараз – Жемчужина Шелкового пути. Taraz -Рearl of the Silk Road. – Алматы: Таймас, 2014. – 296.

Дәдебаев Ж. Тараз өлкесі: монографиялық пайымдаулар, ойлар мен толғаныстар. – Алматы: «Дәуір», 2013. – 436.

 

Листинг ерекшеліктері

Тегтер

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message