Тамды қалашығы

Әзірге шолу жоқ
1
Пікір қалдырыныз Қаралды - 830

Таныстыру бейнесі

Талас ауданы, Қаратау қаласының батыс шетінде, Тамды өзенінің оң жағасында орналасқан. 2010 жылы қалашық VІ–ХІІІ ғғ жататын жергілікті маңызы бар мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Қалашық жобасында төртбұрышты келген көлемі 300х180 м болатын төбе ретінде сақталған. Ескерткіш 1941–2017 жылыдар аралығанда ғалымдар тарапынан әртүрлі бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген. Жан-жақты зертеулер нәтижесінде қаланың орталық және шауашылық бөліктерінің стратиграфиясы зерттеліп, оның қалыптасу тарихына, бекініс жүйесіне қатысты деректер алынды.

Ғалымдар қаланың атауын жазба деректердегі Берукет (Паракент) қаласымен баламалап жүр. Хутухчин мен Берукет қалалары Тараздың солтүстік-батысында орналасқан. Берукет Х ғ.бастап атала бастайды. ХІІІ ғасырдағы армян патшасы Гетум Тараздан шыққан соң, Хутухчин, Пергант арқылы өтіп, Сугулханға жүргендігін жазады. Хутухчин мен Берукет (Пергант), өз кезектерінде Майтөбе мен Тамды қалаларының орындарында болса керек деген болжам бар.

Қазақстандық археолог ғалымдар Тамды өзені жағасындағы Тамды қаласымен баламалайды.Әл-Мукадаси бұл қала туралы: «Барукет» үлкен қала. Барукет пен Баладж түркмендерге қарсы шекаралық бекіністер – деп сипаттайды.

Жазба деректерде аты кездесетін Тамды сөзін осы өңірде ғұмыр кешкен әулеиенің есімімен, бұлақ пен өзен атауымен байланыстыратын аңыз әңгімелер де көптеп кездеседі. Сондай аңыздардың бірінде Қожа Ахмет Иассауи Қаратау өңіріне келіп, тұрақтап жуынған жерінен бұлақтың көзі пайда болады. Мұны құдайдың құдіреті деп білген бір шәкірті сол бұлақтың басында қарауыл болып қалып қояды. Кейін осы бұлақ та, одан аққан өзен де әулиенің шәкіртінің атымен Тамды аталған деседі. Қазіргі таңда ескі қалашықа жақын жерде Тамды аталатын бұлақ пен әулиенің моласы бар. Жергілікті халық басына барып тәу етеді.

Өзен мен қала атауының ескі құжаттардан кездесуі жәнеғылыми жұмыстардың нәтижесі бойынша ІХ–ХІІІ ғғ. қаланың сәулетті құрлыстары жергілікті мұсылмандық үлгіде салынғандығы ел аузындағы аңыздар, жазба деректерде айтылған мәліметтерге жақын келеді.

 

 

Әдебиеттер.

Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана// Труды ИИАЭ АН КазССР. – 1958. – Т. 5. – Археология. – 114-б.

Қылышбек С. Тарихи мұралар мекені. – Тараз, 2005. – 85 б.

 

Листинг ерекшеліктері

3D модель

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message