Сыпатай батыр кесенесі

Әзірге шолу жоқ
0
Пікір қалдырыныз Қаралды - 684

Таныстыру бейнесі

Ел басына алмағайып күн туғанда, халқына пана болып, өз өлкесін жаудан қорғаған Сыпатай батырдың кесенесі Меркі ауданы, Сыпатай ауылының шығыс жақ шетінде, қазіргі Алматы-Тараз-Бішкек тас жолының бойында орналасқан. Шағын күмбезді кесене құрылысы ХІХ ғасырдың аяғында Қоқан әміршілеріне қарсы күрескен, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінде қол бастаған Сыпатай батырдың басына тұрғызылған. Құрылыс 9,0х9,5 м көлемінде күйдірілген қызыл кесектен өріліп, төбесі дулыға тәрізді күмбезбен жабылған.

Кесене облыстық жергілікті маңызы бар мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштерінің және 2017 жылғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген.

Сыпатай Әлібекұлы (1781-1868 жж.) – қайсар мінезді батырлығымен, сөзге шешендігімен, дауға әділдігімен ел арасында биік беделге ие болған тұлға. Қарапайым шаруа отбасында туып өскен ағайынды Сыпатай мен Андас та жігерлі, намысқой болып ержетіп, ел ісіне араласады.

Сыпатай батырдың кескін-келбетін К. Әзірбаев: «зор денелі, құлағы сүйемдей, омырау жүні бір түп қамыстай, құлағына тұрған қырауды қамшысымен қағып тастап жүре беретін. Сөзге де шешен, тапқыр болыпты», – деп суреттейді.

ХІХ ғ. басында қоқандықтардың елге көрсеткен зорлық – зомбылығын көріп өскен Сыпатай батыр саналы ғұмырын елінің азаттығы үшін күреске арнайды. Атқа қонып, қол жинап, күреске шығады. Салық жинап жүрген қоқан ханының жасауылдарын елден қуғындайды. Міне, осы кезде оның ұйымдастырушылық қабілеті жарқырай көрініп, ерлік істерімен ел құрметіне бөленеді.

Тік мінезді Сыпатай батыр Кенесарыға: «Ұлы жүз елімді ескермедің, жасымның үлкендігін біліп, жөн сұрап қол бермедің», – десе, өзін тілдеген Наурызбай сұлтанға: «Төреде де төре бар, тө­бет итке пара-пар, біздерде туған бала бар, әке кегін ала алар – бас кесер яки жаралар» деп қаһарлы хандар­дан да қаймықпай сөйлеген өткір сөздері ел аузында сақталған.

Алайда тағдыры алмағайып заманға тұстас келген батырдың алдында таңдау жасауға тура келген тарихи кезеңдер тұрды. Елі мен жерінің амандығын сақтап қалу үшін басын бәйгеге тікті.

 

Әдебиеттер:

Тарихи тұлғалар. / Құрастырушылар Б. Тоғысбаев, А. Сужикова. – Алматы: «Алматыкітап», 2009 – 376 б.

 

Листинг ерекшеліктері

Тегтер

3D модель

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message