Саңырық батыр кесенесі

Әзірге шолу жоқ
0
Пікір қалдырыныз Қаралды - 419

Таныстыру бейнесі

Саңырық батыр кесенесі Талас ауданы, Үшарал ауылының ішінде, Тоғызкент ауылына барар жолдың бойында орналасқан. Кесене 2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген мемориалды ескерткіш.

Кесене жобасында төртбұрышты (8,5х8,4 м), қасбеті порталды етіп, ақ силикат кірпіштен өрілген, төбесі күмбезделіп жабылған. Шу-Талас өңірінде  тән діни сәулеттік құрылыс үлгілеріне ұқсас келеді. Ескерткіш 1993 жылы батырдың туылғанына 300 жыл толуына байланысты тұрғызылған. Инженер-құрылысшысы – Р.Тойшыманов.

Қазақстанның елін де, жерін де қорғай білген апайтөс алып, батырлары да аз болған жоқ. Солардың бірі – атағы алты алашқа шыққан батыр – Саңырық Тоқтыбайұлы.

Саңырық Тоқтыбайұлы 1692 Талас өңірінде дүниеге келген. Күллі қазаққа даңқы таралған, жоңғар басқыншылығына қарсы күрестегі атақты батыр, қолбасшы. Шежіресі Ұлы жүздің Ошақты, Тасжүрек руынан тараған. Әкесі Тоқтабайда батыр болған. Ол кісі кезінде батырлығымен бірге, сөзден таймас турашылдығымен, ауытқымас әділдігімен де елге танылып, аты шығыпты. Әкенің осы қасиеті балаларына да жұғып, Саңырықтың ағасы Дәнен де, інісі Сарымерген де батыр болған. Атадан балаға берілген әңгімелер арқылы Саңырықтың бүгінгі ұрпақтары аталарын: «Ұзын бойлы, жауырыны сәл еңкіштеу, қолдары әлеуетті, ала көз, түсі суық, сұсты кісі болған» – деп суреттейді.

Саңырықтың ерекше қасиеті – құралайды көзге атқан мергендігі. Алғашқыда атағы осы мергендігімен шыққан. Саңырықтың батырлық жолы әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейін басталады. Бұланты – Білеуті шайқасында Саңырық кіші жүздің Тайлақ батырымен тізе қосып жоңғарлардың қалың қолын ойсырата жеңеді. Саңырық пен Тайлақ осыдан кейін де жұп жазбай Аңырақай шайқасына да бірге қатысады. Бұл қос батырдың ерлігі Қожаберген жыраудың «Елім – ай» дастанында, жазушы Ә.Әлімжановтың «Жазушы», С.Сматаевтың «Елім – ай» романында кеңінен суреттелген. Саңырық батыр әсіресе, Талас өңірін жаулап алып, Ақкесене мен Көккесенені әскери қосынға айналдырған, жоңғарларға жиі – жиі шабуыл жасап, қолбасшылық шеберлігін танытқан. Оның Ақкесене, Көккесене деп аталатын екі мұнара түбіндегі шайқастағы ерлігі ел аузында аңызға, жыр – дастанға айналған. Саңырық батырдың ерлігіне ризашылық танытқан Төле би оған арнайы кісі жіберіп, дарынды қолбасшыларға ғана тиесілі сый – кеудеге тағатын айырықша белгі тартып, батасын берген. Батырға Сандалкөк атты ат мінгізіп, беліне таңдаулы шеберлер соққан Исфаһан қылышын байлайды. 1740 жылдың соңына қарай қанды шайқастардың бірінде Саңырық батыр ауыр жарақат алып, соның салдарынан көз жұмады.

Саңырық батырдың ерлігі, елі мен жеріне деген риясыз пейілі – иісі қазақ баласына өнеге. Дулығалы дала перзентінің болмысы көрнекті қазақ жазушылары Ілияс Есенберлин, Әнуар Әлімжанов, Әбіш Кекілбайұлы мен Софы Сматаевтың тарихи романдарында басты кейіпкер ретінде суреттелуі де тарихи шындықтың бір белгісі.

 

Әдебиеттер:

Жамбыл облысы энциклопедиясы. – Алматы, 2003.– 453 б.

Қазақ даласының ежелгі тарихы. –Алматы, 2002.- 170 б.

Листинг ерекшеліктері

Тегтер

3D модель

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message