Қыз әулие кесенесі

Әзірге шолу жоқ
0
Пікір қалдырыныз Қаралды - 1290

Таныстыру бейнесі

Қыз әулие аталатын кесене Жамбыл ауданы, Құмтиын ауылынан батысқа қарай 500 м жерде, Аса-Жұма тас жолының бойында орналасқан. Осы уақытқа дейін, аталмыш кесенеде ғылыми зерттеулер жүргізілмеген, тек жергілікті өлкетанушылар мен ауыл тұрғындарының мәліметі негізінде деректер жинақталған. Жеті бұрышты кесененің қабырғасы ақ кірпішпен қаланған, биіктігі 2,5 м құрайды.

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан стратегиялық маңызы жоғары орталықтардың бірі Тараз қаласы мен оның айналасында орналасқан шағын қалалары болған. Әсіресе ІХ-ХІІ ғғ. Тараз өңірі өркені өскен өлкеге айналған. Қарахандықтар билік жүргізген заманда Тараз қаласының маңайында көптеген кіші қалалар болды. Солардың қатарында Тараздың батысында 30 шақырым жерде Дех-Нуджекес, Адахкент қалалары болған. Олардың үйінділері бүгінгі күнге дейін сақталған. Қыз әулие кесенесі осы Адахкент қаласы шахристанының аумағында орналасқан.

Ауыл ақсақалдарының айтуы бойынша, ертеректе ауылдың тұрғыны болған бір әйелдің түсіне аян беріп, «Қыз әулиенің» басына жеті бұрышы бар кесене салдырған екен.

Ертеде сайдың тасындай жеті ағайынды батыр жігіттер болыпты. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қапыда қолға түсіп, жау жеті жігітті сол жерде өлтірген екен. Ағайындылардың артында ай десе аузы, күн десе көзі бар жалғыз қарындасы қалады. Ол қыздың көріпкелдік, әулиелік қасиеті болған. Ағаларының өлгенін, жаудың қызды өз елдеріне әкетпекші болып жатқаның біліп, Алладан өзін тас мүсінге айналдырып, елінде қалдыруын сұраған екен. Әулие қыздың тілегі қабыл болып, тасқа айналған екен деседі. Содан бері тас мүсінді халық «Қыз әулие» деп атап кеткен.

Кесененің жеті бұрышты етіп салынуы да жеті батырға байланысты. Ағайынды жігітке деп жеті бұрышқа шырақ жағу үшін арнайы тұрғызылған. Кесененің арнайы шырақшысы бар, басына мінәжат етушлер жиі келеді.

 

Листинг ерекшеліктері

Тегтер

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message

Sign In Qasietti Taraz

Account details will be confirmed via email.

Reset Your Password