Құралай сұлу кесенесі

Әзірге шолу жоқ
0
Пікір қалдырыныз Қаралды - 537

Таныстыру бейнесі

Қазақ халықының дәстүрлі қоғамында сұлулық жайлы қалыптасқан өзіне тән өлшемі бар. Ол өлшем өзіндік ұлылықпен қатар, жан-дүние болмысымен біте қайнасқан қалпы ежелден еріп келеді. Бұндай құндылық туралы ғасырлар қойнауынан бастау алатын эпостық жырлар, қисса дастандар мен аңыздарда баяндалады. Осындай аңыз дастандарға арқау болған қазақ қоғамындағы сұлулықтың символына айналған  – Құралай сұлу.

Аңыз деректерде Құралай сұлудың қысқа ғұмыры Мойынқұм өңірінде өткен көрінеді. Оның басына тұрғызылған кесене – Мойынқұм ауданы, Кіші қамқалы ауылы маңындағы Қамқалы көлінің жағасында шамамен ХVІІІ – ХІХ ғғ. салынып, шикі кірпіштен өрілген сәулет ескерткішінің ерекше бір туындысы. Ескі құрылыс толығымен қирап, 2014 жылы қайта қалпына келтірілген.

Кесене, 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген.

Қазақтың халық ақыны Иса Байзақовтың жинақтаған тарихи деректері бойынша, ертеректе қалмақ нояны сұлулығына қызығып алып кеткен қазақ келіншегі Құралай атты сұлу қызды өмірге әкеледі. Көркіне ақылы сай болып бойжеткен қыз кейін туған елін іздеп тауып, ана аманатын орындау үшін Келден деген батырмен бірге қалмақтардан қашып кетеді. Жолда ну қамыстың ішінде жолбарысқа кезігіп, мерт болған сұлуға Келден батыр 40 нарға жүк артып келіп, кесене тұрғызады.

Ақын ел аузынан естіген аңыз-әңгімелердегі деректерге сүйене отырып, «Құралай сұлу» поэмасын жазады. Шығармада Қазақ пен қалмақ арасындағы бітіспес дау арқылы адамгершіліктің ақ жолын насихаттайды. Құралай бейнесі асқақтай көрініп, көркемдік көкжиегімен көпті таңдандырады.

Сейқынның бір қызы бар жаннан асқан,

Жерде туып, көкте күнмен нұрын қосқан,

Хан түгіл, халқы сүйіп Құралайды,

Әрдайым, әйелсінбей ақылдасқан – деп әспеттелген Құралай сұлудың қылығы мен парасаты көпшілікке үлгі.

Сұлулық пен бекзаттықтың, тәкаппарлық пен асқақтықтың, адал махаббат пен шынайы сүйіспеншіліктің нышанына айналған Құралай образы, тұтас қазақ қыздарын бейнелейді.

 

Әдебиеттер:

Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан: Жамбылская область. / ред. К М. Байпаков. – Алматы, 2002. – 350 с.

Байзақов И. Ақбөпе. Таңдамалы. – Елорда: Астана, 2000. – 367 б.

Листинг ерекшеліктері

Тегтер

3D модель

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message