Қордай батыр ескерткіші

Әзірге шолу жоқ
1
Пікір қалдырыныз Қаралды - 787

Қалың елдің тағдыры қашанда тарихи тұлғалармен байланысып жатады. Бабалар өміріне зерделей үңілер болсақ, Әулиеата өңірінде ел тағдырын бір ауыз сөзге сыйдырған талай-талай майталман шешен билердің, ата-жаумен арыстанша арпалысқан бахадүр батырлардың, ел даңқын аспандатқан өнер қайраткерлері мен көріпкел әулиелердің болғанын көреміз.

Осындай есімі көне замндардан аңыз болып жеткен тарихи тұлғалардың бірі Қордай батыр.

Ел басына күн туған шақта халқына қорған болған Қордай батырдың ескерткіші – Қордай ауданы, Алматы-Қордай күре жолының 171 шақырымындағы Қордай асуына қойылған. Ескерткіш 2002 жылы қызыл гранит тастан көлемді етіп жасалып, тас тұғырдың үстіне орнатылған.

Ертеден жеткен аңыз әңгімелердің желісі бойынша Қордай батыр І-ІІ ғасырда көшпелі жұрт сақ, ғұн аталатын заманда өмір сүрген екен. Сол заманда Асиби деген ел билеушісі ғұмыр кешіп, оның Қордай, Аспара, Атар деген үш батыры болған деседі. Патша алыс жорыққа аттанарда Қордай батыр шығыстан келетін жауды, Аспара батыр батыстан келетін жауға қарсы шабуылға шығып тойларыс беріп отырған.

Қордай батырдың дене бітімі өте ірі болғандығы айтылады. Оның соншалықты алып болғандығын табанының көлемінен байқауға болады. Ескерткіш орнатылған жерде адам аяғының ізі қалған тас бар. Биік шоқының үстіндегі тастың үстіне шығып, жауларының келе жатқанын көріп, қаһарланып, айқайлаған кезде тастың үстіне аяғының іздері қалған деседі.

Аңыз бойынша Хантау тауларының бөктерін жау шапқан кезде, Шудың батыс жағалауынан Аспара батыр, шығыстан Қордай батыр екеуі ақылдаса келіп, оңтайлы жоспар құрып амалдарын асырады. Жауға төтеп беріп, жасақтарымен қырып салады. Сол кезде Хантау тауының бөктері мен сай-саласынан қырылған сансыз жау әскерінің қып-қызыл қаны аққан деседі. Сол себепті ол жер – «қантау» болып аталған екен. Өмірінің соңында Атар батырдың сүйегі Қап тауында, Аспараның сүйегі қазіргі Аспара өзеннің жоғарғы ағысында, ал Қордай батыр осы Қордай асуындағы биік шоқының басына жерленген екен.

Қордай батырдың елігі, қыран бүркіті болған екен. Тарихи деректерге сүйене отырып, қыран бүркіт пен қос екіліктің алтын түстес мүсіндері де ескерткіш маңына орнатылған.

Қара басының қамынан халық тағдырын биік қойған, жатса да, тұрса да ел тыныштығын ойлаған батыр бабаларымыздың ерліктері мен ерен еңбектерінің жемісі бүгінгі біздің бейбіт те, қамсыз өміріміз.

 

Әдебиеттер:

Абдуалы А.Б., Серікбаев Е.Қ., Өтепбергенова Г.С., Тобаджанов Р. Әулиеата өңірі киелі орындарының тарихи аңыздары: Оқу құралы. – Тараз: Тараз университеті, 2018. – 104 бет.

Листинг ерекшеліктері

Тегтер

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message