«Қазақ хандығы» монументі

Әзірге шолу жоқ
2
Пікір қалдырыныз Қаралды - 568

Таныстыру бейнесі

Тараз қаласының батыс қақпасынан кірер жолдың бойында алыстан мұнартып көз түсетін еңселі ескерткіштің бірі «Қазақ хандығы» монументі. Ескерткіш Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналып салынған. Монумент Тәуке хан көшесінің бойындағы қаланың ең көрікті алаңдарының бірінде орналасқан. 2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясындағы Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген.

Мүсіндік композиция ақ мәрмәрден жасалған 27 метрлік стелла және оның жағында екі хан – Керей мен Жәнібек тақта отыр. Керейдің қолында қағаз бен қалам бар. Ол хандықты алғаш осы өңірде құрылғандығы туралы Жарлық етіп жатқанын білдірсе керек. Ал, Жәнібектің қолындағы найзасы мен тізесіне қойған қылышы әрі жас, өзі хас батырдың қайрат, қажырын, ерік-жігердің бейнесін сомдайды.

Қазақ хандығының қашан, қай жерде құрылғандығы жөнінде нақты дерек беретін, Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінде, Дешті Қыпшақты билеген Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған қазақ халқы Моғолстанның батыс бөлігіндегі Шу бойы мен Қозыбасы өңірі аралығына келіп қоныс тепкендігі баяндалады. Жалпы Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно-саяси үдерістердің заңды қорытындысы еді.

XV ғ. алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVIІI ғғ. Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Бір шеті Орта Азия, енді бір шеті Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен байланыстар орнатты. Осы тұста ел билеген Қасым, Хақназар, Тәуекел, Тәуке, Абылай, Кенесары хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың барлық арман-тілектері мен амал-әрекеттері қазақ жұртының бірлігін нығайту, халқының бейбіт өмірі мен тыныштығын баянды етуге бағытталды.

Керей мен Жәнібектен бергі иісі қазақ хандарының бәрі тарих сахнасынан ойып тұрып орын алатын қуатты мемлекет құруды армандады. Рас, арман алдамады. Қазақтың кеудесіндегі үміт оты бірде лау лап, бірде өшудің аз алдында тұрса да сөнбеді. Әр қазақ қасық қаны қалғанша арпалысты, тәуелсіздіктің туын құлатпауға тырысты. Ақыры Алаш жұрты азат ел болып, өркениет көшіне ілесті.

Листинг ерекшеліктері

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message