Қарақожа мешіті

Әзірге шолу жоқ
0
Пікір қалдырыныз Қаралды - 767

Таныстыру бейнесі

Қарақожа мешіті Талас ауданы, Ойық ауылына қарасты Сейілбек елді-мекенінен 1 шақырым солтүстік-шығыстағы тегіс жазықта орналасқан. Жамбыл облысының республикалық дәрежедегі мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне және 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген.

Мешіт құрылысында 1945 жылдан бастап әр кезеңдерде арнайы мамандар тарапынан ғылыми-зерттеу, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

Мешіт 1909 жылы салынып, ХІХ ғ. Шу-Талас өңірінің сәулеттік құрылыс үлгісінде безендірілген. Құрылысы төртбұрышы етіп, күйдірілген кесектен өрілген. Шығыс қапталы аркалы айва, үсті бірдей көлемдегі тоғыз күмбезбен көркемделіп жабылған. Тек залдың михраб қуысы орналасқан тұсының күмбезі біршама биіктеу. Бұл діни құрылыстың көлемді жобадағы маңыздылығын ерекше көрсетіп тұр. Биік емес қасбеті қыш кірпішпен қаланып, сыланған. Орталық михрабта хиджра бойынша 1327 жылы жұмыстың орындалғандығы жазылған.

Заманында Қарақожа мешітін салуға Жұпан ананың ықпал еткендігі айтылады.  Жұпан ана текті әулетке келін болып, бата дарыған, жұбайынан жастай жесір қалса да қайсарлық үлгісін танытып, осы тарихи нысанды тұрғызуға басшылық жасайды. Әуелі Тәшкенге барып, сол жерден ұста-шеберлер әкеліп, осы мешітті салдырады. Мешіт құрылысы аяқталған соң, он төрт жасар Қарақожаны сол жерге имам етіп тағайындайды. Мешітті салдыру үшін жұрттан жылу жинап, төңіректегі көпшілікті де сауапты іске жұмылдырған. Қарақожа мешіті қазақ даласындағы жаппай тәркілеу, ашаршылық, қызыл қырғын кезеңдеріне дейін елге қызмет еткен, имандылыққа тәрбиелейтін киелі орындардың бірі болған.

Бүгінгі күні Талас өңіріндегі ең көрікті сәулет ескерткіштерінің санатында. Мешіт Бөлтірік шешен мемориалымен қатарлас орналасқан бір кешенді құрайтын, көпшіліктің жиі келіп тәу ететін қасиетті орындардың бірі.

 

Әдебиеттер:

Дәдебаев Ж. Талас аңыздары. – Алматы, 2002. – 72 б.

Қарақожа мешітін салдырған кім? // Ғұмыр Дария.- №12. – 29 маусым, 2017.

3D модель

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message