Қарахан кесенесі

Әзірге шолу жоқ
2
Пікір қалдырыныз Қаралды - 841

Таныстыру бейнесі

Тұла бойы тарихқа толы Тараз қаласының орталығында орналасқан киелі де сәулетті ескерткіштердің бірі ˗ Қарахан кесенесі.

Кесене республикалық дәрежедегі мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне және 2017 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген.

Қарахан кесенесі ХІ ғ. салынған сәулет өнерінің қайталанбас ескерткіші. Кесене төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш жанама бөліктен тұрады. Төбесі киіз үй тәрізді күмбезбен жабылып, алдыңғы қос қапталына мұнаралар тұрғызылған. Құрылыс толықтай күйдірілген кесектен өрілген. Кіреберіс маңдайшасында «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген Құран сөздерімен өрнектелген. Кесененің алғашқы құрылысы қирап, ХХ ғ. басында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Шах-махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына тұрғызылған.

Арыстанды бағындырған алып Қарахан аса данышпан, құдіретті патша болған. Заманында дүниені дүр сілкіндірген атақ-абыройға ие болған деседі. Мансапты билік пен шексіз байлығына қарамастан, қарапайым тұрмыс кешкен. Х ғ. екінші жартысында көшпелі түркі тайпаларының арасында Қарахан тұлғасы аңызға айналып, оларды бір тудың астына біріктіруге шақырған идеологиялық ұстаным ретінде көрініс табады. Нәтижесінде Жетісу, Шу, Талас өңірін қамтитын Қарахан мемлекеті орнайды. Қарахандықтар дәуірі кезінде елдің тұрмысы жақсарып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болған. Ел билеген Қараханды халқы мәртебелі қайраткер ретінде бағалап, әулие тұтып, оның құрметіне кесене салған. Кейін арада жүздеген жылдар өтіп, Тараз қаласы қирап, тіршіліксіз қалған кездің өзінде, қала қирандыларының арасынан бой көрсетіп тұрған кесене жергілікті халықтың жадында қасиетті нысан ретінде қалған.

Қарахан жайлы аңыздардың дені Айша Бибі тағдырымен байланысты. Сүйген сұлуы Айшадан қапыда айырылып қалған Қарахан оның басына кесене орнатады. Өзі де өмірден өтер шағында Айша Бибінің кесенесі көрініп тұратындай етіп жерлеуді тапсырады.

Міне содан бері мың жыл уақыт өтсе де Қараханның ардақты есімі елінің абыройы, оның басына қойылған кесенесі ұрпақтан ұрпаққа тарихи сәулет ескерткіш болып жетіп отыр.

 

Әдебиеттер:

Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Астана: «Фолиант», 2012. Т. 85: Тарихи аңыздар. – 416 б.

Ошанов О. Тараз – Жібек жолының інжу-маржаны. Тараз – Жемчужина Шелкового пути. Taraz -Рearl of the Silk

Листинг ерекшеліктері

Тегтер

3D модель

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message