«Қара кемпір» мемориалы

Әзірге шолу жоқ
1
Пікір қалдырыныз Қаралды - 843

Таныстыру бейнесі

Қылышынан қан сорғалатып, қазақ даласына зор зұлмат пен нәубетті алып келген сұрапыл да қасіретті кезеңдер біздің тарихымызда аз болмаған. Әділетсіз саясатпен, баянсыз балалық шақ, ерте солған арман мен үзілген үміт, алысқа кеткен жары мен баласын сарғайып күтумен өткізген ғұмырдың барлығы да сол соғыс атты зұлматтың зардабы. Тарих еш уақытта  ұмытылмайды, керісінше жылдар мен ғасырлар өткен сайын жаңғыра түседі. Ондағы адам тағдыры өлмес өнерге де, ерекше естелікке де өзек болып қала береді.

Соғыс тақырыбын көтерген шоқтығы биік туындылардың бірі – «Қара кемпір» аңызы. Сұрапыл соғыстың салмағы майдан даласын кешкен, оққа ұшқан жауынгерге ғана емес, ақ сүт беріп өсірген бауыр еті баласын амалсыздан аттандырған анаға, жан-тәнімен сүйіп қосылған, жар қызығын бөліскен азаматынан айырылған келіншекке, бір құрсақтан шыққан інісінен, ағасынан қол үзген бауырға түсті. Олардың бар қолынан келетіні – күту, сағыну. Тәңірден амандығын тілеу. Осындай үкілеген үміттерді қаралы қағаз бір сәтте сөндірді. Қара кемпір – сол әлсіз де азалы аналардың бірі еді. Бұл аңыз бастан-аяқ сұм соғыстың қасіреті мен оған деген ана қарғысы ретінде сипатталады.

Осы өңірдің тумасы белгілі әнші, компазитор А. Қоразбаевтың жаны жаралы ананың тебіренісін суреттейтін «Қара кемпір» әні де осы оқиғаға байланысты туындаған. Оқиға Меркі ауданы, Қызылсай ауылындағы Қали ананың мұңлы тағдырын баяндайды. Сұрапыл соғыс жылдарындағы Жексенқұл, Қосшығұл атты қос ұлынан қатар айырылып, ішқұса болған ананың зары мен күйігі, жүрек жоқтауы.

Артында қалған ел-жұрты азалы ананың аруғына тағзым ретінде ескерткіш орнатып, естелік қалдырды.

Ескерткіш 1993 жылы «Қара кемпір» әнінің желісімен жасалған. Соғыстан ұлдарының қайтуын күткен қарт ананың мүсінінде сомдалған мемориалдық кешен Меркі ауданы, Жаңатоған ауылының шетіндегі биік төбеде орналасқан. Биіктігі 4 м болатын ескерткіш бетоннан құйылып, төртбұрыш тұғырдың үстіне орнатылған. Төбенің етегінде ескерткішке баратын, сатылы жолдың бойында:

«Ооой, дүние-ай!

Қараймын батыс жаққа келе ме деп,

Анасын қайғы шеккен көре ме деп.

Сұраймын өткеннен де, кеткеннен де

Хабарын қос қозымның бере ме деп» – деген бір шумақ өлең қызыл тасқа қашалып жазылған.

Ұлттық киім киіп, ағаш бұтағына сүйеніп тұрған мүсін адамның жүрегін тебірентіп, көңілге мұң ұялатады. Бажайлап қараған адамға жүзінен уайым мен қажудың табы байқалатын кейуана келбеті адамды терең ойға жетелейді.

Листинг ерекшеліктері

Тегтер

3D модель

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message