Өтеген батыр кесенесі

Әзірге шолу жоқ
2
Пікір қалдырыныз Қаралды - 893

Таныстыру бейнесі

Өтеген батыр кесенесі Қордай ауданы, Өтеген ауылының солтүстік-шығысында 2 шақырым жерде, қорымның арасындағы төбеде орналасқан. 2010 жылы жергілікті маңызы бар мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне және 2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген.

Бізге жеткен мәліметтер бойынша Өтеген қазіргі Қапшағай су қоймасының орнында, Шолақтау тау бөктеріндегі Шеңгелді деген жерде, Іле өзенінің жағасына жерленген. Қапшағай су электр станциясын салу барысында бұл жерді су басатын болғандықтан, батырдың сүйегін 1973 жылы онын ұрпақтары осы жерге әкеліп жерлеген. 1999 ж. батырдың туылғанына 300 жыл толуына орай оның сүйегі жерленген биік дөң басына жаңа кесене тұрғызылған.

Кесене тік бұрышты дәстүрлі порталды-күмбезді композиция темір-бетоннан тұтастай құйылып, ақ мәрмәр тақталармен қапталған. Негізі қасбеті, үшкір портал мен кіреберісінде қуыс дәлізі бар. Ғимараттың бұрыштары, Қазақстанның кейбір аймақтарында кездесетін мемориалды құрылыстарына тән «төртқұлақ» кейпінде жасалған. Құрылыстың авторлары және сәулетшілері С. Дембай, Н. Баекеев.

Өтеген Өтеғұлұлы 1699 жылы Шу алқабындағы Хан тауының оңтүстік  шығысындағы Изенді деген жерде туған. Өтегеннің әкесі Өтеғұл –Сырымбеттің үлкен баласы. Өтеғұл ойрат (қалмақ) шабуылына қарсы күрескен батырлардың бірі.

Ержүректік Өтегеннің туа біткен қасиеті болса, шешендікті, әділ билік айтуды ол бойына Төле биден дарытқан. Өзі батыр, әрі жиһангер, өткір тілді шешен болумен қатар өз замандастары арасында сәуегейлігімен, көріпкелдігімен әулие атанған адам.

Бірде түн ішінде ауыл сыртында малға қасқыр шапты дегенді естіген анасы: «Өтеш, барып, ит қосып қуып таста, – деп жас баланы жұмсапты. Бала емеспе, қорқады ғой дегендерге. Қорықса Қордай батырдың жиені, Өтеғұл батырдың ұлы болмай кетсін!» – деген аңыз қалған. Мұның өзі Өтегеннің тектілік тәрбиесін аңғартады.

Өтеген батырдың ой-өрісінен бөлек келбет, бітімі де халық жадында ерекше сақталған. Кең жауырынды, иықты, тік қабақты, қыр мұрынды, өр тұлғалы өткір, өжет адам болған. Дастан – жырларда, аңыз әңгімелерде айқасқан қос мүйізі бар, яғни нысаналы батыр екені айтылады.

Біз білетін Шығыс, Азия тарихына қатысты әдеби туындыларда ондай мүйізді асыл тек Ескендір Зұлқарнайын болатын. Шындығында Өтегеннің төбесінде тақия кисе көтеріп, бөрік кисе көрінбейтін сүйелі болғандығы ел аузында сақталған.

Өтеген баба қартайып, дүние саларында балаларына: «Мен өлген соң сүйегімді ақ нарға тиеп жіберіңдер, ол қай жерге шөксе, сол жерге жерлеңдер» – деп аманат қалдырыпты. Батыр 1773 жылы 74 жасында дүниеден озды. Денесін артқан ақ нар Шолақ тауының Іле бойындағы Шеңгелді деген жерге барып шөккен деседі.

 

Әдебиеттер:

Тарихи тұлғалар. / Құрастырушылар Б. Тоғысбаев, А. Сужикова. – Алматы: «Алматыкітап», 2009 – 376 б.

Ысқақбай М., Мүйізді Өтеген. – Алматы, 1999.

Листинг ерекшеліктері

Тегтер

3D модель

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message