Қыз әулие шатқалы

Әзірге шолу жоқ
0
Пікір қалдырыныз Қаралды - 365

Жалпы Қазақстанда «Қыз әулие» деп аталатын жер жиі кезедеседі. Олардың бәрі де жаугершілік заманда ер-азаматтармен бірге елі мен жерін қорғау үшін атқа қонып, жанын қиған, халықтың бірлігі мен берекесі сақталуы үшін жанталасқан ержүрек қыздардың ерлігіне байланысты қойылған деп көрсетіледі.

Жуалы өлкесіндегі Құлан тауының етегінде орналасқан қасиетті деп саналатын жерлердің бірі «Қыз әулие» деп аталады. Бұл жерден бұлақ басталып, ол таудың етегіндегі егінді алқаптарды суаруға пайдаланылады. Бұлақтың басталар жері қалың жынысты, аңғарында итмұрын, қара долана, шеттік т.б. талдар өседі. Қыз әулиеге зиярат етіп барған жұрт бұлақтың басындағы талға мата байлап, суын емдікке тұтынып жатады.

Ел аузында осы кезге дейін, «Қыз әулиеге шын ниетімен барғандардың бойындағы, өміріндегі түйіндер тарқатылады екен», – деген әңгімелер де жиі айтылады.

Қалың жыныстың жоғарғы жағында жақпар тастар бар. Сол тастардың етегінен шағын бұлақ басталады. Ол бұлақ жаздың аптабында алысқа ұзамай тартылып кетеді.

Ел аузында сақталған көмескі аңыздарда, осы төңіректе қасына қырық қыз көмекшілерін ерткен бір ханның қызы шатыр тігіп отырыпты және ол қыз әулие болған екен – делінсе, ауыл тұрғыны Дербіш есімді қарияның аузынан жазып алынған екінші бір деректе «Қыз әулие» туралы  аңызды былайша баяндайды: «Ілгеріде осы мекенде бір қыз өмір сүрген деседі. Ол жастайынан келешекті болжайтын көріпкелдік қасиетке ие болыпты. Қызға келіп бал аштырып, оның айтқанының дәл келетіне осы маңның тұрғындары тәнті болған екен. Күндердің күнінде осы өңірді жайлап отырған бір байдың табын жылқысы жоғалып кетеді. Айналаны түгел шолып, ақыры амалы таусылғасын бай жылқылардың қолды болғандығын сезіп, әлгі қызға келіп бал аштырады. Сонда көріпкел қыз ұзақ ойланбастан:

  • Сіздің тілегіңізді орындайын, алайда қоятын бір шартым бар. Мен жылқыларды тауып бергеніммен өміріме сол қарақшылардан үлкен қауіп төнгелі тұр. Сондықтан да сіз менің өмірім мен қауіпсіздігімді қорғауыңыз керек – деген шарт қояды.

Тек баюды ғана ойлаған бай ойланбастан қызға келісімін береді. Жылқылары табылып, қарақшылардың қылмысы әшкере болады. Алғашында қызға берген уәдесін берік орындаған бай уақыт өте өзінің күйкі тірлігінің қамымен кетіп қыздың шарты ұмытылып кетеді. Ел – жұрттың алдында ұрлықтары әшкере болып, масқара болған қарақшылар бір ұрымтал қараңғы түнді пайдаланып, қызды буындырып өлтіріп кетеді. Сол уақыттан бастап жердің атауы «Қыз әулие» деп аталып кеткен».

Жергілікті тұрғындар осы жерді киелі санап, қиыншылықтарға душар болғандары медет сұрайды, маңында өсіп тұрған қалың жынысты ағаштарын кесіп әкетпей, бұлағын бүлдіруге жол бермей қорғаштап, қасиет тұтады.

 

Әдебиеттер:

Байдалиев Д.Д. Жуалы өлкесінің ежелгі тарихы. – Тараз, 2007. – 108 б.

Листинг ерекшеліктері

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message