Көшек батыр кесенесі

Әзірге шолу жоқ
0
Пікір қалдырыныз Қаралды - 496

Таныстыру бейнесі

Көшек батыр кесенесі Бөлтірік шешен ауылынан 7,6 шақырым оңтүстікте, биік төбенің үстінде орналасқан. 2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген.

Көшек батыр жерленген жерге 1999 жылы кесене тұрғызылған. Кесененің қабырғасы сегіз қырлы етіп, силикат кірпіштен өріліп, төбесі күмбезделіп жабылған. Құрылыс нысаны жергілікті дәстүрлі сәулет өнерінің ерекшеліктеріне ұқсас келеді. Кесененің жанына әскери қару-жарақ нышандары: үш найза, қалқан, қылыш, жебелер салынған қорамсақтың біріктірілген композициясы ретінде қойылған. Сәулетшілері С.Дембай, Н.Баекеев және инженер-құрылысшы Б.Оразбекұлы.

Көшек Қарасайұлы (1620 – шамамен 1652 жж.) – жоңғар шапқыншылығына қарсы қол бастаған батыр. Есім мен Жәңгір ханның сенімді серіктерінің бірі. Талас өзені бойында туып өскен. Тектұрмас түбіндегі биік шоқы Көшек батырдың жазғы жайлауы болған. Бұл шоқыны халық Көшек батыр көзі тірісінде – ақ Көшек шоқысы деп аталып кеткен. Ел арасында тараған аңыздарда Көшекке Есім ханның өзі хан атағын бергендігі айтылады. Көшек батырдың даңқы Батыр қонтайшының басқыншылығына қарсы соғыста барынша асқақтайды. Көшек батыр Тектұрмас қамалын нығайта отырып, көршілес қырғыздармен қосылып, жау әскерлеріне тойтарыс берген. 1643 ж. Андасай бойындағы Кеңгір деген жерде Жәңгір ханның Батыр қонтайшысының елу мыңдық әскеріне ойсырата соққы берген шайқасында Көшек батыр ерлігімен көзге түсті. Тектұрмас түбінде болған шайқаста Қарадөң атты жоңғар батырмен жекпе – жекке шығып оны жер жастандырады. Көшек батыр жоңғар қонтайшысы Оншанмен де жекпе – жекке шыққан. Жекпе – жекте жеңіліс тапқан Оншаннан қазақтармен соғыспау туралы ант алып, еліне қайтарған. Салқам Жәңгір дүниеден қайтқан соң болған сұрапыл шайқастың бірінде Көшек батыр ерлікпен қаза табады.

Батырдың басына орнатылған кесене бүгінгі күні ауыл-аймақтың көркін келтіріп тұрған тарихи ескерткіш жене жегілікті тұрғындардың жиі келетін қасиетті орындарының бірі.

 

Әдебиеттер:

Жамбыл облысы энциклопедиясы. – Алматы, 2003. – 311 б.

Жамбыл облысы Тарих және Мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Талас ауданы. – Алматы 2010. – 223 б.

 

Листинг ерекшеліктері

Тегтер

3D модель

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message