Бөлтірік шешен мемориалы

Әзірге шолу жоқ
0
Пікір қалдырыныз Қаралды - 683

Таныстыру бейнесі

Бөлтірік шешен Сейілбек ауылынан 1 шақырым солтүстік-шығыста, Қарақожа мешітінің қасындағы аласа төбенің үстінде орналасқан. Құрылыс 1997 ж. тұрғызылған, сәулетшісі – Б.Мұсаев.  2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген мемориалды ескерткіш.

Батыр, шешеннің құрметіне арнап орнатылған мемориал жобасына келсек төртбұрышты, бір күмбезді құрылыс кірпішпен қаланып, ақ мәрмәр тақталармен қапталған. Ескерткіштің сәулет үлгісі батыс Қазақстанның дәстүрлі мемориалды ескерткіш құрылысына үйлестірілген. Төрт бұрышы үшкірленіп биіктетілген. Сегіз қырлы барабанда тұрған күмбезі сүйірленіп аяқталған. Күмбез тот баспайтын метал қаңылтырмен жабылған. Бөлме ішінде Бөлтірік шешен моласынан алынған топырақ көмілген, жерге сағана қойылған.

Бөлтірік Әлменұлы (1771 – 1854 жж) – исі қазаққа аты таралған би, шешен, батыр болған тұлға. Туып өскен жері Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Шоқпар ауылы. Батырдың моласы Талас өзенінің төменгі сағасында, Сейілбек ауылынан 4 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан.

Бөлтіріктің нағашысы – әйгілі Қарменде би. Ақындық, шешендік өнері ерте танылып, төңірегін әділдік – тапқырлығымен, өз ортасының сыйлы, құрметті данагөйі болған. Оның абырой беделі ауыл арасымен шектелмей, ел қамы мен халық тағдырына қатысты істерде де еленіп – ескеріліп отырған. Кенесары бастаған ұлт – азаттық қозғалыстарға қатысып, шешендік, іскерлік қабілетімен көпшіліктің есінде қалған. Сондай – ақ Бөлтірік өз тұсындағы Балпық би, андас Құтым би, мырза Жинақ би, сары үйсін Сары би, ботпай Сыпатай би, Байсерке би, албан Малай би, Ноғайбай би, тобықты Құнанбай мырза және Сұраншы батыр, Сыпатай батыр, Тезек төре сияқты игі жақсылармен тізе түйістіріп, ел ісіне белсенді араласқан.

Бөлтірік шешеннің даналық нақыл сөздері тек қазақ халқының ғана емес қырғызбен өзбектер арасына да кең тараған. Бөлтірік шешен өнері мен даналық сөздері А. Байтұрсынов, М.Ж. Көпеев, С. Сейфуллин, З. Қабдолов т.б. өз еңбектеріне арқау болған. Халық ақыны К.Әзірбаевтың «Аңыздар сыры», Б. Бигельдиновтың «Балқаш» атты жинақтарында Бөлтіріктің батырлығы бейнеленген дастандары бар.

 

Әдебиеттер:

Дәдебаев Ж. Д. Бөлтірік Әлменұлы және қазақ шешендік өнері: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1996. – 180 б.

Әзірбаев К. Аңыздар сыры. – Алматы: Жазушы, 1969. – 316 б.

Листинг ерекшеліктері

Тегтер

3D модель

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message