Байзақ батыр кесенесі

Әзірге шолу жоқ
1
Пікір қалдырыныз Қаралды - 675

Таныстыру бейнесі

Байзақ батыр кесенесі

Байзақ батыр кесенесі Байзақ ауданы, Дихан және Сарыкемер ауылдық округтерінің шекарасындағы төбенің басында, Талас өзенінің оң жағалауында, ауылдың солтүстік шығысында 4 шақырым жерде орналасқан. Кесене 2010 жылы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне және 2017 жылы «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген.

Байзақ датқаның сүйегі «Байзақ сүресі» деген жердегі ежелгі оба үстінде жерленіп, қабірінің үстінде кесектен кесене тұрғызылған. Кесене ХХ ғасырдың басына қарай толығымен қираған. Оның орнында 2000 жылы монолитті бетоннан, жергілікті дәстүрлі ғұрыптық сәулет өнеріне тән кесене соғылды. Жоба авторы-сәулетші А. Момынжанов.

Кесене жобасында алты қырлы етіп, ашық түсті күйдірілген кесектен өрілген. Үсті биік барабанды, сфералы, бір күмбезді, орталық композициялы етіп, метал құрылым арқылы жабылған. Сыртқы қасбетінде кесенеден жіңішкелеу келген аркалы кіреберіс қақпасы бар. Кесенеде биіктігі 0,9 м құлпытас пен мәрмәр тақта орнатылған. Құлпытас ескі қабірдің кірпіштерінен қаланған.

Байзақ Мәмбетұлы – батыр, би, қазақ халқының қоқан әміршілеріне қарсы күрестің белсенді мүшесі болған. 1789 жылы Тараз маңында Абылайханның сенімді серігі, аты аңызға айналған Мәмбет Құндасұлы батырдың отбасында дүниеге келген. Жас кезінен ерекше ұйымдастырушылық қабілеті мен дарынының арқасында, ел жұрты мен руластары арасында жоғары беделге ие болған. Қоқан үкіметі тарапынан да құрметке ие болып, оған жеке басының артықшылығы мен салық төлеуден босатуға құқық беретін құрметті «датқа» атағын берген. Көшпелі малшылар арасында отырықшылық пен суармалы егіншілікті игеру үдерістерін жүзеге асыруды ұйымдастырушы ретінде де белгілі. 1860 жылы Байзақ датқа Қоқан әскерлерімен бірге генерал Г.А. Колпаковский бастаған орыс әскерлерімен болған Ұзынағаш ұрысына қатысқан, кейін туған жеріне оралып, қоқандықтармен тығыз байланыста қызмет атқарады. 1864 жылы жазда қоқан үкіметінің жергілікті көшпелі халыққа көрсеткен езгісіне шыдамаған ол, Әулиеата маңына орналасқан орыс әскерлеріне баласы Ақмолда арқылы қоқандықтарға қарсы күресте бірігу ұсынысын жеткізді. Қазақ биінің мұндай әрекеті туралы білген Қоқан билеушісі Молда Әлімқұл Байзақты ұстап алып, Ташкентке алып келуін бұйырды. 1864 жылы тамызда Әлімқұлдың жеке бұйрығымен 75 жастағы Байзақ датқа жазаның ауыр түрі: тірідей зеңбіректің аузына байлап, атып өлтіреді.

Ел арасында батырдың есімі мен ерлігі дәріптеліп, өнегелі өмірі кеңінен насихатталуда. Батырдың басына орнатылған кесенесі қасиетті орынға, көпшілік мінәжат ететін нысанның біріне айналған.

 

Әдебиеттер:

Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы XIX в. – Алма-Ата, 1947. – 323 с.

Әбілдаұлы Б. Байзақ датқа. – Алматы: Мерей, 1995. – 162 б.

Тегтер

3D модель

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message