Бабаджа Хатун кесенесі

Әзірге шолу жоқ
1
Пікір қалдырыныз Қаралды - 482

Таныстыру бейнесі

Орта ғасырларда қазақ жерінде сәулетті құрылыстар салу ісі белең алды. Біртіндеп құрылыс салудың үлгілері дамып, сәулет ескерткіштері көбейіп, үнемі жаңарып отырды. Осылайша сәулет өнері қарқынды даму жолына түсті.

Осындай тарихи-мәдени ескерткіш ретінде қазіргі күнге дейін көпшіліктің таңданысын туғызып келе жатқан ескерткіштердің бірі Бабаджа хатун кесенесі. Айша Бибі кесенесімен бірге мемориалды-культтік кешеннің құрамына кіреді. Кесене республикалық дәрежедегі мемелекеттік тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне және 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген.

Сәулеттік-құрылымдық сараптамалардың нәтижесіне қарағанда құрылыс қарахандар дәуірінің ерте кезеңіне жатады және Х-ХІ ғғ. мерзімделеді.

Қазақстандағы сәулет өнерінің ең көне ескерткіштерінің бірі болып саналатын бұл кесене ұзақ жылдар бойы сақталып келген құрылыс сапасымен ерекшеленеді. Ол Орта Азия аймағының сәулет өнеріндегі порталды үлгіде салынған алғашқы кесенелердің бірі. Сонымен қатар қабырғасы шаршы тәрізді келіп, күйдірілген қызыл кесектен өрілген және төбесі 16 қырлы қобылы күмбез етіп жабылған ерекше бір құрылыс үлгісі болып табылады. Кесененің қасбетінде: «Бұл Бабаджа Хатун қабірі… Оны салушы…» деген жазулар сақталған. Кесенені соққан шебердің аты-жөні сақталмаған.

Кесененің тарихы Айша Бибі кесесінің салынуы туралы аңызбен тікелей байланысты. Аңыз бойынша Тараз әміршісі Қарахан әрі сұлу, әрі ақылды Айшамен бас қосқысы келеді. Алайда Айшаның тәрбиешісі бұған келісім бермейді. Кейін қыз амалын тауып Тараз қаласына қоныс аударуды ұйғарады. Өкінішке орай, жолда Айшаның бас киімде жасырынған жыланның шағуынан Аса өзенінің жағалауында қаза табады. Қарахан қалыңдығының басына ерекше сәулетті кесене тұрғызды. Айша Бибінің күтушісі Бабаджа Хатун сол кесененің басында өмір бойы шырақшысы болып қалады. Қайтыс болғанынан кейін Айша Бибіден 20 қадам жерге жерленіп, басына кесене тұрғызылады.

Ұзақ жылдар бойына қасиетті орын ретінде халық санасында сақталып, осы өңірге жолы түскен жолаушының соқпай өтпейтін, жергілікті халықтың жиі келіп тәу ететін киелі мекеніне айналған.

 

Әдебиеттер.

Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Астана: «Фолиант», 2012. Т. 85: Тарихи аңыздар. – 416 б.

Маргулан А., Басенов Т., Мендикулов М. Архитектура Казахстана. – Алма-Ата, 1959. – 171 с.

Листинг ерекшеліктері

Тегтер

3D модель

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message