Ақкесене бекінісі

Әзірге шолу жоқ
1
Пікір қалдырыныз Қаралды - 604

Таныстыру бейнесі

Ақкесене бекінісі Талас ауданы, Бидалы ауылынан 14 шақырым солтүстікте, Үшарал ауылынан 27 шақырым солтүстіктегі құмды жазықтықта, Қалмақарық деп аталатын ескі арнаның оң жағасында орналасқан. Бекініс Х-ХVІІ ғғ. жататын археологиялық ескерткіш. 2010 жылы Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне және 2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген.

Ескерткішті 1896 жылы В.А. Каллаур тізімге алып, 1945, 1949 жылдары Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспедициясы, 1980 жылы «Қазжобалауқайтажаңғырту» институты, 1983 жылы Қазақ ұлттық университетінің археологиялық тобы (жетекшісі М.Елеуов) зерттеулер жүргізген. Бекіністі 2006-2007 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша РМК Қазқайтажаңғырту институтының Тараз филиалы ескерткішті қайта қалпына келтірді.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бекініс табиғи жерге іргетассыз тұрғызылғандығы анықталды. Құрылысы шаршы тәрізді, бұрыштары әлемнің төрт тарабына бағытталған, бұрыштарында мұнаралары бар. Ескерткіштің жалпы көлемі 22х21 м.

Ақкесене деп аталып кеткен шығыс бұрышындағы саз кірпіштен тұрғызылған дөңгелек, жоғары қарай бірте-бірте жіңішкеріп көтерілген (конус тәрізді) мұнарасы бар. Мұнараның түбіндегі диаметрі 11 м, биіктігі 14 м, ішінде жоғары қарай көтерілетін айналма баспалдақ сақталған.

Үлкен мұрнараны қоршай орналасқан пахсадан салынған қамалды құрылысы бар. Бекініс шамамен Х-ХІV ғғ. салынған, мұнара ХVІІ ғ. дейін қолданыста болған. Археологиялық қазба жұмыстары барысында қыш ыдыстардың (құм, құмыра) сынықтары кездескен.

Ортағасырларда мұндай жазық жерде биік мұнара мен бекініс тұрғызудың негізгі себебі жаудан қорғану үшін салынатындығы тарихтан белгілі. Ақкесене мұнарасының да саты арқылы көтеріліп, жоғарыдан алыстағы жолаушы немесе жауды көріп, хабарды дер кезінде жеткізуге мүмкіндігі болған.

Ақкесе жайында халық арасында сақталған бірнеше аңыз-әңгімелер де кезедеседі. Бір аңызда Бетпақтан өтіп, ауыр жол азабын тартып келген керуенбасының: «Шөлді жазықта жолаушыларға бағдар болатын белгі керек» – деген өтініші бойынша Қарахан тараздық шеберге салдырған деседі. Келесі бір аңызда Кіші Орданың билеушісі Әбілхайыр Талас өлкесінде Көк кесененің түбінде қалмақтың Өз-Темір тайшысынан жеңіліп Сыр бойына шегінді. Ақ ханның нақсүйері үшін соғылған Көк кесененің қасынан Ұса мен Зеренг тайшылар Ақ кесенені соқтырып жайынын жайламақ ниет білдірген. 1465 жылы Жәнібек пен Керей бастаған қазақ рулары, Шу мен Мойынқұмға келіп, мемлекет құрып, шекаралық аумағын кеңейту барысында батысқа қарай жылжыған кезде Ұса мен Зеренг Көк кесене мен Ақ кесенені тастап қашып кеткен делінеді.

 

Әдебиеттер:

Елеуов М. Шу мен Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары (6-13 ғ. басы). Бірінші бөлім. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – 210.

 

Листинг ерекшеліктері

3D модель

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Reply to Message