Ақтөбе (Баласағұн) қалашығы

Әзірге шолу жоқ
2
Пікір қалдырыныз Қаралды - 547

Таныстыру бейнесі

Шу алқабы ертеден-ақ отырықшы шаруашылық пен мәдениеттің алтын бесігі болған. Оның айғағы үлкенді-кішілі қалалар мен шаруашылық алқаптары. Міне осындай кең алқапты ортағасырлық қалалардың бірі ортағасырлық – Ақтөбе қалашығы.

Қалашық Шу ауданы, Ақтөбе ауылынан онтүстік-шығысқа қарай 3 шақырым жерде Ақсу өзенінің жағасында орналасқан. Ескерткіш 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар санатында. Сонымен қатар 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген.

Өте үлкен аумақты алып жатқан Ақтөбе қалашығы ортаазиялық қалалар сияқты цитадель, шахристан және шаруашылық аймағынан (рабад) тұрады. Қалашықтың сыртын ұзындығы 25 шақырымға дейін жететін төрт қатар ұзын қорғанды қабырғалар қоршаған.

Тарихи деректерде Шу мен Талас өңірінде ерте ортағасырларда әйгілі Баласағұн, Суяб, Тараз атты үш қала болған. Осы үшеуі де 603 жылдан кейін Батыс түрік қағанатының астаналары болған. Солардың ішіндегі Баласағұн қаласының орналасқан жері мен сипаттамалары жайлы ортағасырлық авторлар: әл-Хорезми, әл-Бируни, әл-Мағдиси, Махмуд Қашғари және басқа да ғалымдардың еңбектерінде баяндалады.

Ақтөбе қалашығындағы ғылыми зерттеу жұмыстары ХІХ ғ. аяғынан бастап осы уақытқа дейін үздіксіз жүргізілуде. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қалашықтың ҮІ-ХІІІ ғғ. аралығында өмір сүрген тарихы анықталып, қамалдар, мұнаралар, салтанатты сарайлар кешені, қақпа, монша, шеберхана т.б. құрылыс қалдықтары ашылған.

Аталған жазба деректер мен ғылыми зертеулерді сараптай келе Ақтөбе қалашығы белгілі түрік ғалымы Жүсіп Баласағұнның кіндік қаны тамған Баласағұн қаласы болуы ықтимал деген тұжырымдар жасалған.

Ел аузында көне қаланың тылсым тарихынан сыр шертетін: «алтын тәжді айдаһар», «қасиетті ләйлек құстары», «ақ түйе», «су құбыры мен жер асты жолы» сияқты бірнеше аңыз – әңгімелер сақталған.

Солардың бірі – кітапхана, мешіт және монша туралы аңыз. Бір заманда Ақтөбені бір ғұлама ғалым билепті. Ол шығыс пен батысты түгел аралаған, көпті көрген, ғылымның әртүрлі салаларын жетік білген адам болыпты. Хан кезекті бір сапардан қайтып оралғасын ұсталарын қала үстіндегі алаңға жинап алып кітапхана, мешіт және монша салуға қолайлы жер іздеуге бұйрық беріпті. Ұсталар арада жеті күн өткенде ханға келіп кітапхананы хан сарайынан шығыста, мешітті батыста, ал моншаны хан сарайында салу керектігін айтыпты. Хан салдырған кітапхана қағандықтағы ең бай кітапхана, ал мешіт ең үлкен мешіт болыпты.

 

Әдебиеттер:

Шәлекенов  У.Х. Құм басқан қала. – Алматы: «Қазақ университеті», 2002. – 120 б.

Елеуов М. Шу мен Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары (ҮІ-ХІІІ ғ басы). – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – 208 б.

3D модель

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message