Айша бибі кесенесі

Әзірге шолу жоқ
1
Пікір қалдырыныз Қаралды - 967

Таныстыру бейнесі

Қасиетті Жамбыл жерінде тарихы тереңнен басталып, аңызы мен ақиқаты ұштасып жататын әулиелі жерлер мен кесенелер көп. Олардың барлығы да көне заманның күмбіріндей күй толғап, өңірдің сән-салтанатын келтіріп тұр.

Солардың арасынан бірінші тілге тиек болатыны – атақты Айша бибі кесенесі. Тараз қаласынан батысқа қарай 20 шақырым жерде, Айша бибі ауылында орналасқан. Бабаджа Хатун кесенесімен бірге мемориальды культтік кешенді құрайтын республикалық дәрежедегі мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштер санатында. Сонымен қатар 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген.

Кесене құрылысы ХІ-ХІІ ғасырларда салынған жергілікті сәулет өнерінің ерекшеліктерін сақтай отырып, ұлттық нақыштармен безендірілген. Жалпы көлемі 7,6х7,6 м болатын кесененің құрылысы өсімдік тектес және геометриялық пішіндегі 62 түрлі ою-өрнекпен өрнектелген қыш кесектен өрілген. Төрт бұрышты, мұнаралы бағандармен шегенделіп, төбесі күмбезді етіп көмкерілген. Кесененің құрылысы мен тарихына қатысты ХІХ ғ. бастап бірнеше бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Кесенені тұрғызған шеберлердің қайталанбас өнер туындысы саналатын ескерткіштің салыну тарихы және оны салған тұлғалар туралы ресми мәліметтер жоқ, тек ел аузында көптеген аңыз-әңгімелер қалған.

Ел жадында сақталған аңыздардың бірінде Айша XI ғасырдағы танымал ғалым, әрі ақын Хәкім Сүлеймен Бақырғанидің қызы болған деседі. Келесі бір аңызда Шығыс әулиелерінің бірі, сахабалар әулетінен шыққан киелі Зеңгі баба мен Ануар бегімнің қызы делінеді. Аңыз желісі бойынша Айша сұлу сол кездегі әлеуетті Қарахан империясы Батыс қағанатының билеушісі Шах Махмуд Қараханмен кездесу үшін іңкәрлік сапарына шығып Таразға келе жатады. Қос қорғанды, құдіретті қалаға таяу қалғанда Айша ару аяқ суытып, жуынып – шайыну үшін қала іргесіндегі Аса өзеніне таяу жатқан Әулие бұлақ атты су көзінің жағасында аялдайды. Сол жерде қапыдан жеткен қауіптің тырнағына ілініп, сәукеленің ішіне кіріп алған улы жылан шағып, бақиға аттанады.

Азалы сәттің ауыр салмағынан жан-дүниесі жаралы болған жас баһадүр Қарахан Айшаны сол маңға арулап жерлеп, жас қабірдің басына адалдық белгісі ретінде махаббат күмбезі ретінде әсем кесенені тұрғызған деседі.

Бүгінде Айша бибі кесенесі жергілікті халық ұғымында адалдық пен тектіліктің белгісіне айналған қасиетті мекен. Отандық және шетелдік туристер мен махаббаттың символы ретінде отбасылық өмірге жаңа қадам басқан жас отау иелері келіп тәу ететін көпшілік орынға айналған.

 

Әдебиеттер:

Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Астана: «Фолиант», 2012. Т. 85: Тарихи аңыздар. – 416 б.

Маргулан А., Басенов Т., Мендикулов М. Архитектура Казахстана. – Алма-Ата, 1959. – 171 с.

3D модель

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message