Әбілқайыр даласындағы «Сұмқайтты» ұмытылмас орны

Әзірге шолу жоқ
1
Пікір қалдырыныз Қаралды - 319

Таныстыру бейнесі

Қазақ даласында тарихи оқиғаларға әсіресе жоңғар шапқыншылығына байланысты жер – су атаулары баршылық. Солардың қатарында  Т. Рысқұлов ауданының орталығы Құлан аулынан солтүстік – батысқа қарай 45 шақырым жерде орналасқан Әбілқайыр даласындағы «Сұмқайтты» деп аталатын жазықты алқап бар.

1728 – 1730 жылдардағы тарихымызда біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі шайқастардың бірі болған «Сұмқайтты» даласын алғаш 1926 жылы жол құрылысының инженері және тарихшы М. Тынышбаев Шу – Талас өзендерінің аралығында зерттеу жүргізу барысында анықтаған.

1997 жылдары бұл жерді халық жазушысы Ә. Кекілбаев мұқият зерделеп, нәтижесінде «Үркер» романын жазып,  Әбілқайырдың жаңаша тарихи образын ашса, тарихшы-ғалым М. Қозыбаев бастаған ғылыми экспедиция шайқас болған жерді жан-жақты зерттеген. Археологиялық зерттеулер барысында сарбаздардың қару-жарағы, ер-тұрман саймандары көптеп табылған.

Қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне байланысты «Әбілқайыр» атауы халық жасақтарын басқарған Әбілқайыр ханның құрметіне арналған.

1720 жылдардың соңында Әбілқайыр осы жерде болған жоңғарларға қарсы соғысты басқарған және өзенге жақын қалың бұталы, шөбі шүйгін жерді таңдап тұрақтаған.

Кіші жүздің ханы Әбілқайыр бастаған үш жүздің жасақтары жоңғарларға қарсы қиян-кескі соғыс жүргізген. Кішігірім өзеннің көне арнасының маңында болған қан төгіс ұрыста қазақ батырлары жоңғарлардың шабуылына тойтарыс беріп қана қоймай, оларды өз жеріне қарай қайтуына мәжбүр етті. Ұрыс болған жер «Сұмқайтты» яғни қатыгез жаудың беті қайтты деп атала бастады.

Бұл туралы Ілияс Есенберлин «Көшпенділер» романының «Жанталас» деген бөлімінде: «Үш жүздің әскері жауымен алғашқы рет Балқаш көлінің күнгейіндегі Алакөлдің тұсындағы Хан тауы деген жерде кездесті. Үлкен Орда ханы Болат пен бар қазақ әскерін басқарған Кіші жүздің ханы Әбілқайыр үлкен жеңіске жетті. Шұно-Дабо басқарған қалың жоңғар жеңіліп, Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашты. Бұл жеңісті қазақ жұрты артынан, жоңғарлар аңыраған «Аңырақай» жеңісі деп атады. Алакөл жағасындағы ұрыс болған жерде қырқа, белес, асуларға «Әбілқайыр», «Сұмқайтты», соңынан «Сұңқайтты» болып өзгерген ат қойды» – деп сипаттайды.

 

Әдебиеттер:

Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 192 б.

Байдалиев Д.Ж., Байдалиев Д.Д. Жуалы жер-су атауларының этимологиясы. – Тараз, 2018. – 104 б.

Листинг ерекшеліктері

Тегтер

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message