Абдолла Ишан мешіті

Әзірге шолу жоқ
5
Пікір қалдырыныз Қаралды - 529

Таныстыру бейнесі

Абдолла Ишан мешіті Талас ауданы, Үшарал ауылының орталығында орналасқан. Жамбыл облысының республикалық дәрежедегі мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне және 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енді.

Мешіттің құрылысы жобасында төртбұрышты, күйдірілген кесектен өріліп, төбесі көп күмбезді болып келген. Орталық зал үлкен күмбезбен, қалған бөлмелер мен жанындағы үш айван кішілеу келген 15 күмбезбен жабылған. Айваның сыртқы қапталдары аркалы күмбездер түрінде асқан шеберлікпен өрілген. Негізгі орталық бөлменің оңтүстік-батыс қабырғасында михраб қуысы мен эпиграфиялық мәнерде жазылған жазудың іздері болған.

Мешіттің үлкен күмбездері мүжіліп, айванның солтүстік және батыс жақтары қираған. Ескерткіште 1947-2004 жж. аралығында бірнеше рет мешітті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген. Қабырғасының жекелеген бөліктері қайта тұрғызылды.

Абдулла-ишан Саиди (1836–1914 жж.) жергілікті өңірде діндар Саитбаттала-хазрат отбасында дүниеге келген. Ол 9 жасқа келгенде бірінен соң бірі ата-анасы қайтыс болып жетім қалады. Нағашы атасының тәрбиесінде болып, медреседе тәлім алады. 1853 жылы генерал Перовскінің әскерінде борышын өтеп, Сырдария жорығына қатысады. Әскери борышын өтеп келгеннен кейін Абдулла білімін жетілдіру мақсатында Бұхара, Хорезм, Стамбулда болады. Бұхарда өмір сүрген кезеңінде шәкірттерді оқытатын медресе ашып, жібек өңдеумен айналысады. Абдулла Саиди шығыс елдерінің тұрмыс тіршілігі мен мәдениетін, мұсылмандық ілімінің жетік меңгерушісі болып қалыптасады. Араб, парсы тілдерінде өлең жазып, ұстаз және сөзге шешен ділмар ретінде атағы танылады. Қазақ арасында кең тараған сопылық бағытты ұстанып, Нақшбанди сопылық ілімін жалғастырушысы болған. Абдулла ишаның артынан еріп, оларды қолдаған ізбасарлары көп болды. Жергілікті жерлерде арнайы медреседе білім алған адамдарға арналған мешіттер соғылды. Оларды құрметтеп ауыл-аудан тұрғындары мешіттің ашылу салтанатына шақырып отыратын.

Шет елде отыз жылдай өмір сүріп, екі рет қажылыққа барған. 1870 жылы өзінің ауылы Муллакка келіп жерлестерінің өтінішімен медресе ашып, өз өмірін тақуалыққа арнайды. Ел арасында Абдулла Ишан мешіті соның құрметіне салынған делінеді. Бүгінде мешіт ауыл тұрғындарының мінажат ететін орыны ретінде қызмет жасауда.

 

Әдебиеттер:

Талас-Сарысу. Тарихи-танымдық, әдеби-анықтамалық жинақ. – Алматы, 2013.

Дәдебаев Ж. Талас аңыздары. – Алматы: «Нұрлы әлем», 2002. – 72 б.

 

Листинг ерекшеліктері

Тегтер

Пікір қосып баға берініз

Your email is safe with us.

Your rating for this listing :
Rating images

Мекен жай / Байланыс:

Reply to Message