2019 жылы қараша айында Жамбыл Жабаев ескерткіші (Мүсінші – Х.Наурызбаев, архитекторы – В.Сощенко) Жамбыл облысы әкімдігі ғимаратының алдына орнатылды. 1961 жылдан осы уақытқа дейін күрделі жөндеуден өтпеген ескерткішке сол жолы реставрациялау жұмыстары жүргізілген болатын. Ол жұмыстарды жүргізген ҚР Мүсіншілер мен суретшілер Одағының өкілдері алдағы уақытта коррозияға ұшырау салдары болатын болса қайта жөндеп, сырлап беруге кепілдік берген еді. Күні кеше ауа райының ыңғайлылығына қарай ҚР Мүсіншілер және суретшілер Одағы төрағасының орынбасары Бақытжан Қасымбеков бастаған топ облыс орталығында болып, бояу жұмыстарын жүргізді. Бақытжан Қасымбековтың айтуынша ескерткіш енді қоршаған сәулеттік ортамен үндесіп, оған автокөліктерден шығатын түтіндер, канцорегенді қасиеттерге ие зиянды заттардың ескерткіш материалына кері әсері тие қоймайды екен.

Add Comment

Your email is safe with us.

Sign In Qasietti Taraz

Account details will be confirmed via email.

Reset Your Password