Ы. Дүкенұлының мемориалы

Ықылас Дүкенұлы (1843-1916) –  Қарағанды облысыЖаңаарқа ауданының тумасы. Қазақ арасында атағы кең таралған күйші – қобызшысы, композитор, қылқобызда ойнаудың асқан шебері.

Ықылас Дүкенұлының мемориалдық ескерткіші Сарысу ауданы, Шығанақ ауылынан солтүстікке қарай 18 шақырым жерде, Қуарал жазығының батыс шетінде орналасқан.

Ы. Дүкенұлының мемориалдық ескерткішінің биіктігі 0,5 м және 4,5х4 м метал құрылыспен қоршалған. Құрылыс 1993 ж. Ы. Дүкенұлының 150 ж. мерейтойына арнап салынған. Монолитті темір бетон мен кірпіштен тұрғызылған, мәрмәр және гранит тақталармен қапталған. Үш бөліктен тұратын, күрделі композициялы құрылыс қобыздың пішінін сомдайды. Үсті биік конус тәрізді күмбезделіп келген, жалпы биіктігі 5,4 м. Ішкі құрылысында ұзын дәліз және оның екі қапталынан жапсарлас шағын бөлмелер салынған. Ескерткіш ортасында жазуы бар мемориалдық тақта орнатылған. Қосымша бөлмелер музей ретінде безіндіріліп, қобызшының шығармаларының атауы мәрмәр тасқа қашап жазылған.

Add Comment

Your email is safe with us.

Sign In Qasietti Taraz

Account details will be confirmed via email.

Reset Your Password