1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш, 1975 жыл.

Талас ауданы, Ескерткіш Тамды ауылының орталығында орнатылған. Ескерткіш 1975 ж. Жеңістің 30 жылдығына орай ашылған. Төртбұрышты тұғырдың үстіне қойылған биік, әрі жалпақ тақтаның маңдайшасына «Отан соғысы» ордені, одан төмен қару ұстаған сарбаз, оның астында ана мен бала кескінделген. Мұның екі жағына соғыста қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткен боздақтардың есімі жазылған. Ескерткіш алдында Мәңгілік Алау бес жұлдызшасы бар. Ауласы өрнекті темір шарбақпен қоршалған.

  • Сәуір 27, 2020
  • 33
  • news
  • Коммент өшірілген on 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш, 1975 жыл.

Sign In Qasietti Taraz

Account details will be confirmed via email.

Reset Your Password