Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы

Орыстар үшін Пушкин, ағылшындар үшін Шекспир, грузиндер үшін Руставели… қандай ұлы құбылыс болса, Абай да – қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.

Қайсын КУЛИЕВ

Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ

 

ӘНШІЛЕР

(И.А. Крыловтан аударма)

 

Көршіні көрші шақырды,

Болды да сыйлап ас бермек.

Қулығын ішке жасырды:

Баланың әнін есіттірмек.

Балалар шулап бақырды,

Ынтасы – даусын білдірмек.

Қонақтың күйін қашырды,

Басты ауыртты көп дүрмек.

Алды-алдына кетеді,

Қосылмайды әндері.

Құлағынан өтеді

Құр айғай салған сәндері.

Япырмай, көрші-ай, не қылды?

Бас ауырды, қаңғырды.

Құлағын басып жалынды,

Қойғыза көр деп құрғырды.

Тым-ақ даусы күшті екен,

Бекер де емес сенікі.

Сүйтсе де арақ ішпеген

Есті ұлдар ғой менікі.

Есі шықпай мұнан да ішкен артық,

Қисыны жоқ қышқырған не еткен тантық!

 

 

  • Желтоқсан 18, 2019
  • 249
  • news
  • Коммент өшірілген on Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы

Sign In Qasietti Taraz

Account details will be confirmed via email.

Reset Your Password