Ғалымдармен кездесу

Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында облыстың тарихы мен рухани мұраларына арналған көп томдық кітаптар жинағын шығару жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай “Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы” КММ-сі қызметкерлері тарихи-танымдылық ғылыми-зерттеу бағыты бойынша белгілі ғалымдармен кездесті.   Атап айтар болсақ, шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, филология ғылымдарының докторы Дербісәлі Шейх Әбсаттар қажы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылым академиясының академигі Уахит Хамзаұлы Шалекенов, ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор Талас Омарбеков. Кездесу барысында облысымыздың тарихына қатысты құнды ақпараттар мен қажетті материалдар алынды.

  • Қыркүйек 12, 2019
  • 29
  • news
  • Коммент өшірілген on Ғалымдармен кездесу