«Әулиеатаның киелі жерлерінің картасы» жобасы «Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ тапсырысы бойынша жасалған.
Жоба тарихы тереңнен тамыр тартатын Әулиеата өңірінің халық кие тұтатын қасиетті жерлерімен оның танымтағылымы жайлы сыр шертеді. Бұл нысандар санатында жергілікті халықтың арғы тегі саналатын сақ, ғұн, үйсіндер мен түркілердің атабабалар рухына тағзым ретінде басына тұрғызған обалары, орнатқан мүсіндері, тасқа қашап жазған таңбалары, Ұлы Жібек жолының бойына салған өркениетті қалалары мен олардың тылсым тарихы бар. Елжердің тағдыры үшін қанды қасап шайқасқа түскен батырлар мен орақ ауызды, от тілді шешендер мен ақынжыраулардың ерен еңбектері, өмір деректері ұрпаққа өнеге ретінде ұсынылып отыр. Сонымен қатар, ел арасында емшілік, көріпкелдік, әулиелік даңқы жайылған қасиетті тұлғаларға және киелі саналатын табиғи жерлер мен тарихи орындарға қатысты ел аузындағы аңыз әңгімелер де бір арнаға топтастырылған.